Астанада бас шыршаның шамдары жағылды

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

gov.kz

Астана, NEGE. Мерекелік шара аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған қазақстандық эстрада жұлдыздары, оның ішінде Қайрат Баекенов, Ринат Малцагов, AYREE, балалар хоры және би ұжымдары өнер көрсетті.

Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты.

«Астана Арена» тұрағында орналасқан бас шыршаның биіктігі – 25 метр. Сонымен қатар, елорда аудандарындағы жаңажылдық шыршалардың шамдары да жағылды.

Сонымен қатар Астанада бір мезетте 30-дан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті