Бүгіннен бастап күн суытады
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын болады (көбіне қар), жел күшейеді, тұман түседі, бұрқасын соғады», – делінген ҚазТАГ таратқан хабарда.
Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -28-30, күндіз -21-23. Алматыда көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан 0-5 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 3 5.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кейде жауын-шашынды (көбіне қар), Батыстан, солтүстік шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз 7 9.
Жамбыл облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман түседі, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 1 6, түнде 0-5.
Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз 0-5 (оңтүстігінде 5), түнде -5-10.
Түркістан облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман, көктайғақ. Күндіз 4 9, түнде -1 4.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады, түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -14-19, түнде -17-22.
Алматы облысында күндіз аздаған қар арлаас жаңбыр ажуады, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 3 8, түнде 0-5.
Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұрқасын соғады. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0 5, түнде 0-5.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, кей жерлерде бұрқасын. Күндіз -18-23 (оңтүстігінде -11), түнде -22-27 (оңтүстігінде -11-16).
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, кей жерлерде бұрқасын соғады. Күндіз және түнде -15-20..
Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -20-25, түнде –25-30.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2-7, түнде -10-15.
Қостанай облысында да кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -20-25, түнде -25-30.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -20-25, түнде -25-30..
Павлодар облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -20-25, түнде -25-30.
«Алдағы күндері республиканың солтүстігнідегі, орталығындағы, шығысындағы таулы өзендерінде мұз қату жалғасады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы жекелеген өзендерде су көлемінің құбылуы күшейеді», – дейді синоптиктер.