Бүгіннен бастап қоғамдық орында балағат сөздер айтқандарға жаза күшейеді
6 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді.
Алматы, NEGE. Енді балағат сөздер айтқан адамдар 69 000 теңге (бұрын 17 250 теңге болатын) айыппұл арқалайды немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.
Президент аталмыш түзетулерге 2023 жылдың 3 қаңтарында қол қойған.