Бүгінгі ауа райы қандай болады?

«Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жауын-шашын түседі (көбіне жаңбыр жауады). Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.


Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 12 14, түнде 0 2.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін аздаған жаңбыр жауады. 1-6 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 16 18, түнде 2 4.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 19 21, түнде 6 8.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі. 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 5 10, түнде -2-7.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 11 16, түнде -2 3.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 20 25, түнде 3 8.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 20 25, түнде 6 11.
Жамбыл облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жауады, 1 4 үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 15 20, түнде 2 7.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 13 18, түнде 0 5.
Түркістан облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 18 23, түнде 3 8.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. 15-20 м/с жел тұрады. Төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз 18 23, түнде 8 13.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 20 25, түнде 2 7.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Күндіз 12 17, түнде 1 6.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Топырақ бетінде 1 3 үсік жүреді. Күндіз 10 15 (оңтүстігінде 18), түнде 0 5 (оңтүстігінде 8).
Алматы облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде аздаған жаңбыр жауады. 1 4 үсік жүреді. Күндіз 14 19, түнде 1 6.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 18 23, түнде 8 13.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 8 13, түнде 0-5.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?