Бүгінгі ауа райы қандай?
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Алматы, NEGE. Республиканың тек солтүстік-шығысы мен шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Жекелеген өңірлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, шығыста жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстік пен шығыста сондай-ақ көктайғақ күтіледі.
«Қазгидромет» РМК болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанады, түнде жел 15-20 м/с артады. Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. Тәулік бойы Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Түркістан облысында желдің күші 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады. Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Алматы, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.