Бүгінгі ауа райы қандай?

Бүгін елімізде күн ашық болады, кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, NEGE. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста және солтүстікте атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты түнде және күндіз кей жерлерде жауын жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, жел күшейеді, батыста түнде көктайғақ болады. Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел күшейіп 15-20 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі, түнде көктайғақ болуы мүмкін. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде минус 1 градус суық болады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті