Бүгінгі ауа райы қандай?

Республиканың басым бөлігі әлі де антициклоның әсерінде болғандықтан, 14 шілде күні жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады.

Алматы, NEGE. Елдің тек батысы мен шығысында найзағай, жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел соғады. Оңтүстікте және батыста шаңды дауыл тұрады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с артады.

Атырау облысында шаңды дауыл тұрады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысында, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында - қатты, оңтүстікте өте қатты ыстық күтіледі. Атырау облысында, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған