Бүгінгі ауа райы
14 қыркүйек күні еліміздің барлық аумағында жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. Алайда, кезекті циклонның жырасы Батыс Қазақстан облысына ықпал ете бастайды, өңірдің кей жерлерінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел болжанады. Республиканың солтүстік-батысы мен қиыр солтүстігінде түңгі және таңғы сағаттарда тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с артады. Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады. Сондай-ақ Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.