Бүгін жауын-шашын болмайды
Сәрсенбі күні Қазақстанның
көп облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы. NEGE. «ҚР басым аумағына бұрынғысынша антициклон ықпал етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында фронталды бөліктерге байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар), жел күшейеді, жаяу сырма соғады, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -1 1, түнде -8-10.
Алматыда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 7 9, түнде -2-4 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан екпіні 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 12 14, түнде -1 1.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз 8 13, түнде 0-5.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 10 15, түнде -3 2.
Қостанай облысында күндіз тұман түседі, көктайғақ, жаяу сырма соғкады. Күндіз 0 5, түнде -3-8.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 7 12, түнде -2-7.
Ақмола облысында тұман және көктайғақ. Түнде қар күтіледі. Күндіз -2 3, түнде –5-10.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1 4, түнде -2-7.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -3 2, түнде -10-15.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жаяу сырма соғады, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -3 2 (оңтүстігінде 5), түнде -7-12 (оңтүстігінде -4).
Ақтөбе облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде аздаған қар жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 1 6, түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 10 15, түнде 0-5.
Атырау облысында ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, жауын-шашынсыз. Күндіз 13 18, түнде 0 5.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с жел тұарды, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Күндіз 13 18, түнде 0 5
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 9 14, түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде жаяу сырма соғады, көктайғақ. Күндіз -2-7, түнде -10-15.
«Алдағы тәулікте республиканың көптеген өзендерінде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді. Қазақстанның батысындағы өзендерде мұз жамылғысы еруін жалғастырады», - деп ескертті синоптиктер.