Бүгін Зарина Дияс бақ сынайды
Бүгін теннистен Федерация кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында матч өтеді.
Алматы, NEGE. Командалар бірінші жарыс күнінде екі ойын өткізеді. Әлемнің 19-ракеткасы және Australian Open-2018 жартылай финалисті Элиза Мертенс отандасымыз Зарина Дияспен ойнайды. Олардан кейін әлемнің 115-ші ракеткасы саналатын Исалин Бонавент кортқа шығып, Юлия Путинцеваға қарсы ойын көрсетеді. Бұл екі теннисші 2018 жылы да кездесіп, ол кезде бельгиялық ракетка жеңіске жеткен.
«Дияс-Мертенс» матчінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 18:30-да, ал Путинцева - Бонавентура ойыны 20:40-та басталады.