Бүгін төрт қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады

Бүгін Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні басталады деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Күндізгі сессияда Қазақстан атынан Махмұд Сабырхан (54 келі) шаршы алаңға шығады. Ол шотландиялық Мэттью Макхэйлмен жұдырықтасады.

Кешкі сессияда Саматәлі Төлтаев (60 келі) колумбиялық Дуван Зулетамен кездессе, Асланбек Шымбергенов (71 келі) германиялық Магомед Шахидовпен жолығады. 

Сондай-ақ, Айбек Оралбай (92 келі) өзбекстандық Мадияр Саидрахимовқа қарсы шығады. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр