1 октября 2022 г. 18:35

Бүгін павлодарлық қариялар трамвайда тегін жүрді

Фото:

  Бүгінгі қарттар күнінде егде жастағы өңір тұрғындарына осындай мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.

Алматы, NEGE. Павлодар қаласы трамвай басқармасының мәлімдеуінше, трамвай қызметкерлері жолаушыларға тосынсый жасаған.

1 қазан – халықаралық қарттар күні қарсаңында Д.Махмудов атындағы Павлодар қаласының трамвай басқармасы жасы үлкен жолаушыларымызға сыйлық тарту етті. Сіздерге бақытты да ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1 қазан күні елімізде қарттар күні аталып өтеді. Халықаралық қарттар күні – 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды.

Тегтер: