Бүгін кейбір өңірлерде 40 градусқа дейінгі аптап ыстық болады
Қазгидромет ел аймақтарында 22 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Алматы, NEGE. «Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағаңды, Абай, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық болады.
Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады», - делінген хабарламада.