Бүгін кей жерде тұман, жел, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК мамандары бүгінгі ауа райы қандай болатынын айтты.

Алматы, NEGE. Скандинавия аймағынан келген циклонның әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Тек еліміздің батысында ғана Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады. Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді.

Түнде Қостанай облысының кей аймақтарында, күндіз - басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлеінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарында желдің күші 15-20 м/с дейін екпіндейді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған