Бүгін кей өңірде жаңбыр, қар жауады

Бүгін еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Алматы, NEGE. Күндіз республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауады. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, екпінді жел болжанады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертен тұман күтіледі. Ақмола облысында көктайғақ болады.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Жамбыл облысында тұман болады. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Күндіз Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Сондай-ақ Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?