14 ноября 2023 г. 12:40

Бүгін Қазақстанның 122 азаматы Газа секторынан эвакуацияланады

Фото:

Бүгін, 14 қараша күні қазақстандықтар мен олардың отбасы мүшелері Газа секторынан Мысыр мен Палестина анклавының шекарасындағы Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы эвакуацияланады.

Алматы, NEGE. 14 қарашаға қараған түні Газа секторынан Мысыр бағытында Рафах бақылау-өткізу бекетінен өтуге рұқсат етілген шетелдік азаматтардың тізімі жарияланды, олардың арасында «Қазақстан» деген бағанда Қазақстан мен Палестина азаматтығын алған 122 адам бар.

Қазақстан азаматтарымен бірге 14 қарашада Газа секторынан Солтүстік Македония, Финляндия, Иордания, Ұлыбритания, Испания, Румыния, Германия, Ресей, Швеция, АҚШ және Дания азаматтары шығады. Сондай-ақ Палестина анклавынан жеке тізім ұсынған Мысырдың 159 азаматы шыға алады.

Қазіргі уақытта ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Мысырдағы Елшілігі азаматтарымызды эвакуациялауға көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша қажетті шаралар қабылдауда.

Тегтер: