Бүгін Кәукен Кенжетаевтың туғанына 104 жыл толды

Бүгін, 25 ақпан – Қазақ КСРнің Халық артисі, актер, опера әншісі, театр режиссері

Кәукен Кенжетаевтың туғанына 104 жыл.

Алматы, NEGE. Кәукен Кенжетаев 1916 жылы 25 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1936-1941 жылы Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясында білім алған. 1942-1946 жылдары Хабаровск қаласындағы шекарашылар ансамблінде еңбек етті. Өнерді бойына жиған шынайы талант иесі 1950 жылы Алматы консерваториясын бітірді. Ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті болып, кейіннен сол жерде режиссер ретінде бірнеше спектакль қойды. 1957 жылдан бастап киноға түсті. Оның қатысуымен алғаш түсірілген фильм «Біздің сүйікті дәрігер» музыкалық комедиясы. Кейіннен, «Тұлпардың ізі», «Артымызда Мәскеу», «Балалық шаққа саяхат», «Мәншүк туралы ән», «Қыз-Жібек», «Гауһартас» сынды жиырма бестен астам фильмге түскен. Сонымен қатар Кәукен Кенжетаев бірқатар пьесалардың, опера либреттолары мен жыр кітаптарының авторы атанды. Профессордың еліміздің мәдениеті мен қазақ өнерінің дамуына қосқан үлесі зор.

 

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды