Бүгін футболдан Қазақстан кубогы басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі басталады.

Алматы, NEGE. Айта кетсек, биыл аталған дода жаңаша талаптар бойынша ойналады. Топтық кезеңде Премьер-лиганың 14 командасы мен іріктеу кезеңінен іркілмей өткен бірінші лиганың екі клубы төрт топқа бөлінген.

А тобында «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент), «Қызылжар» (Петропавл), СДЮСШОР №8 (Нұр-Сұлтан), В тобында «Тобыл» (Қостанай), «Тараз», «Атырау», «Мақтарал» (Түркістан) клубтары шеберлік байқасады. Ал С тобында «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Қайсар» (Қызылорда), «Ақтөбе», «Ақжайық» (Орал), Д тобында «Қайрат» (Алматы), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Тұран» (Түркістан) командалары ойнайды.

Бүгін, 10 шілдеде алғашқы турда «Қызылжар» мен СДЮСШОР №8 (18:00), «Жетісу» мен «Қайрат» (18:00), «Тараз» бен «Тобыл» (20:00), «Қайсар» мен «Астана» (22:00) командалары жасыл алаңға шығады. Ал 11 шілдеде «Ақтөбе» мен «Акжайық», «Каспий» мен «Тұран», «Атырау» мен «Мақтарал», «Ордабасы» мен «Шахтер» кездеседі.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес