6 ноября 2022 г. 10:23
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Қазгидромет 6 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде), ҚР оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста жел жаяу бұрқасынмен, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте – көктайғақ күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.