Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

Қазгидромет бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Алматы, NEGE. Циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20 м/с, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Павлодар облыстарында желдің күшеюі түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде – тұман, Батыс Қазақстан облысының - кей жерлерінде, Ақтөбе облысында - күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Атырау, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с жетеді. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған