Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
4 қаңтар күні Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Алматы, NEGE.«Қазгидромет» мәліметіне сүйенсек, 4-қаңтарда Өскемен және Қарағанды (түнде) қалаларында ауа сапасы ластанады деген болжам бар. Бұған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы әсер етеді. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.