Бүгін Эйфель мұнарасы жабылды

Бейсенбіде француз кәсподақтарының зейнетақы реформасына қарсы ереуіліне байланысты келушілерге Эйфель мұнарасы есігін жапты. Бұл туралы мұнараның Twitter-дегі ресми өкілінің жазбасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Алматы, NEGE. Бейсенбіде Франция астанасында және елдің басқа да қалаларында зейнетақы реформасына қарсы кәсіподақтардың кезекті шеруі өтті. Шерушілер лек-легімен Шығыс вокзалдан Ұлттық алаңға дейін жүріп өткен. Олардың кейбірі зейнетақы реформасының кейбір шарттарын өзгертуді талап етсе, енді бір бөлігі реформаға түбегейлі қарсылығын білдірген.

Францияда зейнетақы реформасына қарсы ереуілдер 5 желтоқсанда кәсіподақтардың бастамасымен басталды. Акцияға мұғалімдер, заңгерлер, қарапайым жұмысшылар қосылған. Олар зейнетақы жасын  64 жасқа дейін көтеру туралы үкіметтің ұсынысына қарсы.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін