Бүгін белгілі актер Құман Тастанбековтың туған күні
Бүгін театр және кино актеры, ҚазКСР-ің халық артисі Құман Тастанбеков 75 жасқа толар еді.
Алматы, NEGE. Құман Тастанбеков 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылында дүниеге келді. Өмірін өнерге арнаған сахна майталманы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 30 жылдан аса спектакльдерде көптеген рөлдерді сәтті сомдады.
«Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген батырды ойнаған алғашқы рөлі танылуына себеп болды. Фильм экранға шыққан соң, араға бір жыл салып Құман Тастанбеков басты рөлді ойнаған Меруерт Өтекешовамен шаңырақ көтерді.