Бүгін барлық өңірде жаңбыр жауады
Еліміздің барлық өңірінде жаңбыр жауады деп болжанды.
Алмалы, NEGE. 12 мамырда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен найзағай күтіледі. Тек Қызылорда облысында жоғары қысымды алқаптың әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады. Барлық өңірде екпінді жел, дауыл, бұршақ болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, түнде және таңертең таулы және тау бөктерлі аудандарында бұршақ жаууы, дауыл болуы ықтимал. Найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с құрайды