Бүгін ауа-райы жауын-шашынды

Сейсенбі күні Қазақстанның тек солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде ғана жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне

сілтеме жасап.

Алматы. NEGE.«Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғыша антициклоның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, тек солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде ғана циклонның ықпалымен кей жерлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, ҚР орталығы мен шығысында жаяу сырма соғады», - делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Солтүстік-шығысытан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы күндіз -1-3, түнде -10-12.

Алматыда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 14 16, түнде 2 4.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан 8-13 м/с жел солтүстік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз 13 15, түнде 3 5.

Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -4-9.

Қарағанды облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3 2, түнде -2-7.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0 5, түнде -5-10.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3 2, түнде –7-12.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 7 12, түнде 0 5.

Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр күтіледі, түнде – жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 11 16, түнде 1 6.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде- жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2 3, түнде -5-10.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 5 10, түнде -4 1.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 3 8, түнде 0-5.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3 2, түнде -7-12.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2 3, түнде -7-12.

Алматы облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде жауын-шашын болмайды, түнде Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 13 18, түнде 0 5.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз Күндіз 7 12, түнде -2 3.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 6 11, түнде 0-5.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен батысындағы өзендерде мұз қату құбылысы ары қарай төмендейді. Қазалы ГБ тұстамасындағы Сырдария өзенінде мұз қату әлсірейді. Қазақстанның жазықтық аумағындағы қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

 

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды