Бүгін ауа-райы бұзылады

«

Қазгидромет» РМК 8 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.   Атап айтқанда, Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, күші 15-20 м/с артады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болжанады. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, 23 м/с жетуі мүмкін.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз 25 м/с артады.

Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.

Сондай-ақ 8-9 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с артады. 8 ақпанда кей уақыттарда екпіні 30 м/с жетеді. Ауа температурасы 2 градус аяз – 3 градус жылыдан 10-18 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.

8-9 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр