Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Бүгін еліміздің шығыс бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады. Өскемен мен Семей қалаларында желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Алматы, NEGE. Салдарынан көктайғақ болып, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Осыған ұқсас жағдай Ақмола, Қарағанды және Батыс Қазақастан облыстарында да байқалады. Аталған аймақтарда көктайғақ болып, кей жерлерді тұман басады. Дауылды ескерту Түркістан мен Жамбыл облысына да жарияланды. Әсіресе соңғысында желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетеді деп болжанып отыр. Ал Қостанай мен Қызылорда өңірлерінде тұман болады дейді синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті