10 октября 2022 г. 8:37
Бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон әсер етеді. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек еліміздің шығыс аймактары циклон жырасының және соған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болғандықтан, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, батыста, солтүстікте және орталықта тұман күтіледі.