Бүгін ауа райы қандай болады?

19 сәуірде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі.

Алматы, NEGE. Еліміздің оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл болжанады. Республиканың батыс аудандарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Барлық өңірде желдің күшеюі байқалады. Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында – найзағай, дауыл, солтүстігі мен батысында шаңды дауыл күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с күшейеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде желдің жылдамдығы 18 м/с артады. Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Маңғыстау облысының батысында, орталығында, Ақмола, Қостанай облыстарының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел 17-22 м/с артады. Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 25 м/с күшейеді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды