Бүгін ауа райы қандай болады?

19 қазан күні республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпалы жалғасады.

Алматы, NEGE. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің тек батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр күтіледі. Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде – тұман, оңтүстік-шығыс, батыс өңірлерде екпінді жел болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

 Атап айтқанда, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23 м/с артады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с артады. Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының батысында, оңтүстік және орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында – тұман, күндіз Қостанай облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді