Бүгін ауа райы қалай құбылады?
Жұма күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фроталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, күн күркірейді, еліміздің оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 17 19, түнде 9 11.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 28 30, түнде 15 17.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 32 34, түнде 14 16.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 22 27, түнде 7 12.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, тұман, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 16 21, түнде 6 11.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 20 25, түнде 8 13.
Атырау облысында күндіз жауын-шашынсыз, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз 27 32, түнде 14 19.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз 27 32, түнде 13 18.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 16 21, түнде 6 11.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз 30 35, түнде 12 17.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз 27 32, түнде 13 18.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 20 25, түнде 7 12.
Қостанай облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ, кей жерлерде тұман, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 15 20, түнде 7 12.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 18 23, түнде 4 9.
Алматы облысында күндіз жаңбыр жауады, найзағай, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 27 32, түнде 12 17.
Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз. Күндіз 28 33, түнде 19 24.
Павлодар облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 20 25, түнде 8 13.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.