Бүгін ауа райы өзгереді

Бүгін атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен шығыстың кей жерлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Алматы, NEGE. Қазақстанның қалған аумағында күн ашық, кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с, сондай-ақ шаңды дауыл соғуы мүмкін. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылмен күшейеді. Қызылорда, күндіз Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 18 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?