Бүгін Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы қандай болмақ
Алматы мен Астанада жауын-шашын күтілмейді. Ал Шымкентте жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет.
Алматы, NEGE. Астанада жылдамдығы 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы күндіз 0... -2 градус шамасында, ал түнде -4 градустан -6 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде.
Алматыда күндіз 10-дан 12 градусқа дейін, түнде 4-тен 6-ға дейін жылы болады. Астана мен Алматыда бұл күні жаңбыр жаумайды.
Ал Шымкентте күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз 11... 13 градус шамасында, Түнде 5... 7 градус жылы болады деп күтілуде.