12 сентября 2023 г. 12:09

Бүгін Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні

Фото:

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні. 2006 жылы 11 ақпанда саяси тапсырыс құрбаны болмағанда, Алтынбек Сәрсенбайұлы биыл 61 жасқа толар еді.

Алтынбек Сәрсенбайұлы 1962 жылы 12 қырүйекте Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қайнар елдімекенінде дүниеге келген. Журналстика мамандығы бойынша білім алып, осы салада көп жыл қызмет істеген. «Арай-Заря», «Өркен-Горизонт» сияқты басылымдарының редакторы болды. 1992 жылдың наурызынан бастап, ҚР министрлер кабинеті мен президент аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар бөлімін басқарды, ал тамызда министрлер кабинеті мен президент аппаратының ішкі саясат бөлімін басқарды.

1993 жылдан бастап Баспа және Бұқаралық Ақпарат министрі болып тағайындалды. Алтынбек Сәрсенбайұлы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Ресейдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі, қызметтерін де атқарды. Ал 2003 жылдың желтоқсанында «Ақ жол» партиясының тең төрағасы болып сайланып, Қазақстан оппозициясында  маңызды тұлғалардың бірі болды. 

2006 жылы 11 ақпанда мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлын және оның серіктері Б.Байбосын мен В.Журавлевті ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы жасағының көмегімен ұрлап әкетіп, атып тастаған. Алтынбек Сәрсенбайұлының денесі 2006 жылдың 13 ақпанында Алматы облысының Талғар ауданының таулы аумағынан табылды.

2022 жылы саясаткердің 60 жылдығына орай туған жері Алматы облысы Райымбек ауданындағы Сарыжаз мектебіне Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді.

Бүгін Алтынбек Сәрсенбайұлының туған-туыстары, үзеңгілестері, шәкірттері бүгін Кеңсайдағы зиратына барып, құран бағыштады.

Тегтер: