Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 3 желтоқсанда Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық ахуал қалыптасады.

Алматы, NEGE. Бүгін тек Алматы қаласында қолайсыз метеоахуал күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Саяси реинкарнация дейтіндей өліп, тірілген жоқпын – Ғабидолла Әбдірахымов

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында дауыс берді

Маңғыстаулық волонтерлер референдумға баратын қарт адамдарға көмек көрсетуде