Алматыда 513 адамнан вирус анықталып отыр

19 сәуірде Алматыда Cоvid- коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 513 жағдайы тіркелді.

Алматы, NEGE. Қалада жаңадан жұқтырылған 8​ жағдай анықталды. 6-уы Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері, біреуі Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері және біреуі провизорлық стационарда карантинде емделіп жатқан, бұған дейін вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған пациент.

Жалпы инфекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйел адамды есепке ала отырып, коронавирустық инфекциядан 427 адам емделуде.

Науқастардың жай-күйі: 3 пациенттің жай-күйі – өте ауыр, 6-уында – ауыр, 121 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде, қалғандары қанағаттанарлық жағдайда.

Коронавирустық инфекциядан жазылып, 84 пациент емдеуден шығарылды.

Провизорлық госпитальдарда​ 278 адам, карантиндік оқшаулауда​ –​ 431, үй карантинінде​ 9687 адам бар.

 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды