Бүгін әлем чемпионатында қазақстандық екі боксшы рингке шығады

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 1 мамырда қазақстандық екі боксшы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) бәсекеге түседі.

Талғат Сырымбетов таиландтық Сакда Руамтхама (15-жұп, А рингі), Айбек Оралбай болгариялық Радослав Панталеевпен (17-жұп, Б рингі) қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, әлем чемпионатында ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр