Бүгін – Тәуелсіздік күні
Бүгін – ең ұлық мереке. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданды. 16 желтоқсанда қазақстандықтар демалады. 17 желтоқсан да демалыс болып саналады.
Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қазақстандықтардың бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында Сара Назарбаева, Роза Рымбаева, Димаш Құдайберген, Аружан Саин және басқалары бар. Биыл қазақстандықтарды Дональд Трамп, Елизавета II, Владимир Зеленский және тағы бірқа әлемдік көшбасшылар ұлттық мерекемізбен құттықтады.