30 августа 2023 г. 9:05
Бүгін – Конституция күні
Бүгін – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 28 жыл толды.
Алматы, NEGE. Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.
Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Содан бері 30 тамыз мемлекеттік мереке болып саналады.
Конституция – мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол мемлекеттік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерді орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Алғашқы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.