Бюджеттік сала қызметкерлері ипотека бойынша бастапқы жарнадан босатылуы мүмкін

Қазақстанда бюджеттік сала қызметкерлері ипотека бойынша бастапқы жарнадан босатылуы мүмкін. Алайда бұл тек ұсыныс қана.

Алматы. NEGE. Бастаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеушілер көтерді. Құжат Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды Atameken Business. Оған сәйкес, 2021 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандық мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлері үшін бастапқы жарнаны алып тастау мәселесін пысықтау ұсынылады. Енді жобаны Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері, сондай-ақ Ұлттық банк қарастыруы керек. Құжат қаралғаннан кейін президент әкімшілігіне жіберіледі. Ұсыныс 10 желтоқсанға дейін порталда, көпшіліктің талқылауында болады.

Қазір оқып жатыр

Халықтың рубльге деген сұранысы күрт өсті

Қызылшаға қарсы екпе алғандар да ауырып жатыр: елде 6 мыңға жуық жағдай тіркелді

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді