Бюджет ақшасын жымқырған кәсіпкер

Қарағанды облысында алаяқтық жолмен бюджет ақшасын жымқырған кәсіпкер сотталды

Aлматы. NEGE.  Мамыр айында Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті сотқа жолдаған қылмыстық іс бойынша Шахтинск қаласының соты үкім шығарды. Коммерциялық кәсіпорын директоры іс жүзінде орындалмаған жол жөндеу жұмысына төлем ретінде алаяқтық жолмен мемлекет бюджетінен қаражат алған. Мемлекетке келген залал көлемі - 5,8 млн теңге. Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп табылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Ол сондай-ақ, құрылыс және жол жөндеу саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға айырылды.

Қазір оқып жатыр

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді

Қазақстанда жылу электр орталықтарын Ресейдің орнына Сингапур салатын болды