20 ноября 2024 г. 17:08

Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті

A view of the sea
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы, NEGE. Мажарстанға мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Ақорда

Содан кейін Құрмет қарауылы мен салт атты гвардия салтанатпен сап түзеп өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.