Бұдан былай құжатқа ұнаған суретіңізді жібере аласыз

'Азаматтарға арналған үкімет' мемлекеттік корпорациясының төрағасы Сүйеніш Әбділдин Қазақстандық ХҚКО-лар үшін қандай жаңалықтар дайындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана, NEGE. Оның сөзінше, "Азаматтарға арналған үкімет" Қазақстан ІІМ-мен бірлесіп ХҚКО-ларда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізу бойынша жоба әзірледі. Олар биометриялық жүйемен және түсінікті интерфейспен жабдықталған.

"Клиенттер өз бетінше келіп, суретке түсіп, ең жақсысын өзі таңдап, көші-қон қызметкерлеріне өтініш жібере алады. Қазіргі уақытта бірлескен бұйрыққа қол қою мәселесі шешіліп жатыр. Жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында осы терминалдарды іске қосамыз", - деді ол ОКҚ брифингінде.

2021 жылы елімізде 2,4 миллион жеке куәлік пен төлқұжат рәсімделген.