Бубон обасы да өлімге себеп болды

Моңғолияның Говь-Алтай аймағында 15 жасар жасөспірім бубон обасынан қайтыс болды.

Алматы, NEGE. «Дүйсенбі күні кешке ПТР-тест нәтижесі 15 жастағы бозбаланың өліміне бубон обасы себеп болғанын көрсетті», – деді Моңғолия Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Д.Нарангерель.

Жасөспірім өткен жексенбіде ауруханаға келе жатқан жолда көз жұмды.

Қайтыс боларынан үш күн бұрын ол достарымен бірге суыр етінен жасалған тағам жеген.

Екі досы мен байланыста болған 15 адам оқшауланып, ауруханаларда ем алып жатыр.

Өлім тіркелуіне байланысты Моңғолияның Говь-Алтай провинциясының бес сомонында жексенбі күні карантин енгізіліп, көлік қозғалысы тоқтатылды. Бұған дейін Ховда аймағында (Батыс Моңғолия) бубон обасын жұқтырған екі адам анықталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған