Бублик олимпиададан бос қайтатын болды

Жапония астанасындағы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан тағы бір теннисші Александр Бублик аса тартысты кездесуде ресейлік спортшыдан жеңіліп қалды.

Алматы, NEGE. Ресейлік Даниил Медведев пен қазақстандық теннисші арасындағы ойын 1 сағат 38 минутқа созылды.

Бірінші сет 6:4 есебімен ресейліктің пайдасына шешілсе, екінші сетте таразы басы 64 минут бойы теңселіп тұрды.

Ақыры ресейлік спортшы жалпы есепте 6:4 және 7:6 есебімен басымдық танытты.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты