Бублик Майами мастерс турнирінде жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды.

Алматы, NEGE. Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Майами (АҚШ) мастерс турнирінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 50-ракеткасы, америкалық Джеффри-Джон Вулфпен шеберлік байқасты.

Америкалық теннисші 1 сағат 19 минутқа созылған матчта 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Бублик 9 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Вулф екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен кездеседі.

Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған дода 2 сәуірде аяқталады. Өткен жылы мұнда әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас үздік шыққан еді.

А.Бублик жұптық сында жарыс жолын жалғастырады. Ол сербиялық Миомир Кецмановичпен бірге аргентиналықтар Педро Качин – Франсиско Черундоломен кортқа шығады.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин Швейцарияның Биль қаласында өтіп жатқан челенджер жарысының екінші айналымында тартысты матчта словакиялық Норберт Гомбошқа жол берді – 6:7 (2:7), 6:4, 2:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Майами мастерс турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентек Майами мастерс турниріне қатыспайды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды