Бублик ерекше турнирде өнер көрсетеді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Ницца қаласында Муратоглу академиясында 24-26 мамырда өтетін UTS4 турнирінде өнер көрсетеді.

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл ерекше жарыс Ролан Гаррос турнирінен бір апта бұрын болады.

Қазақстандық теннисші А тобында Диего Шварцман, Григор Димитров, Кристиан Гариндермен бірге бақ сынайды.

В тобында Даниил Медведев, Фабио Фоньини, Корентен Муте, Тэйлор Фритц ойнайды.

Өткен жылдағыдай, матчтар төрт бөліктен тұрады, оның әрқайсысы 8 минутқа созылады.

Теннисшілер екі рет емес, бір мәрте ғана доп бере алады. А.Бублик додаға алғаш рет қатыспақшы.

Өткен жылы италиялық Маттео Берреттини жеңімпаз атанған болатын.