Бішкек жылу электр станциясындағы апат: Қырғызстан премьер-министрі Алматыдан шұғыл ұшып кетті

Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысуы тиіс болған. Алайда Бішкектегі жылу электр станциясындағы апатқа байланысты Алматыдан шұғыл ұшып кетті. 

ғаламтордан

Алматы, NEGEАпат түнгі сағат 3-те болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жылыту қазандықтарының бірі жарылған. Жарылыс себебі анықталуда. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ақылбек Жапаров энергетика саласындағы жағдай бойынша жедел штаб отырысын өткізді. 

Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 5 адам жарақат алып, ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Апаттан кейін Қырғызстан астанасындағы көптеген тұрғын үйлерде жылу мен ыстық су жоқ. Бішкектегі мектептер мен балабақшалар онлайн оқытуға көшті.

Қазір оқып жатыр

Трамп жақын арада Макронның Франция президенті қызметінен кететінін айтты

Қазақстанда 20-дан астам заңға өзгеріс енгізілмек

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген бұрынғы шенеунік көз жұмды

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады