Сағынтаев: Әрбір алматылықтың мүддесі үшін қауіпсіздік шарасы қабылданды 

Есептік кездесу барысында тұрғындар сұрағына жауап берген қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғадан кейін қалада қабылданған алдын алу шаралары туралы да мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Қордайда болған барлық нәрсе белгілі, бұл туралы айтылды. Ашық түрде талқыланып, көрсетілді. Үкімет жұмыс істеді», – деді әкім.

Сондай-ақ бұл мәселе ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын да атап өтті. Құқықтық бағаны құқық қорғау және сот органдары береді.

«Біздің қалаға қатысты айтар болсақ, орын алған оқиға туралы ақпарат келгенде, барлық қызметтер жұмылдырылды. Яғни, құқық қорғау органдары мен әкімдік қызметтері», – деді Б. Сағынтаев. 

Құқыққорғау органдарының мәліметінше, әлеуметтік желілерде деструктивті сипаттағы үндеулер болған. Алматыдағы базар иелері мен директорларына қызметін уақытша тоқтата тұру ұсыныс айтылды.

«Базарлардың не үшін қоршалғаны туралы сұрақтар болды. Біз әлдебіреулерге қатысты құқық бұзушылық фактісінің орын алуына жол бермеуге тырыстық. Сондықтан қауіпсіздік шаралары күшейтілді, базарлардың аумағы күзетке алынды», – деді әкім.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді