Брюссельде вакцинацияға байланысты мыңға жуық адам наразылыққа шықты

Брюссельдегі саябақтардың бірінде мыңға жуық адам наразылық акциясын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Шараға тек Бельгия халқы емес, сондай-ақ Нидерланд және Германиядан келген азаматтар да қатысқан. Олар коронавирусқа қарсы шектеу шаралары мен вакциналау науқанына қарсылық білдіріп жатыр.

Телеарна мәліметі бойынша, адамдар шарға әдейі маска тақпай келіп, Брюссельдің еуропалық ауданына дейін жүріп өткен. Бірақ полицейлер оларды Еуропарламент алдындағы алаңға өткізбеген. Құқықтарын қорғауға келген ел тәртіп сақшыларына тас лақтырды, ал полиция ереуілге шыққандарға көз жасаурататын газ қолданған.

"Шектеу шаралары адам құқықтарын бұзады. Сондықтан Еуропаның 160 мың тұрғыны петицияға қол қойды. Біз енді тиісті құжатты Еуропарламентке жібереміз", "Мен Еуропарламенттің вакциналау төлқұжатын жасап шығару идеясын құптамаймын. Сондықтан наразылығымды білдіру үшін осында келіп отырмын", - дейді тұрғындар.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде